01:45 19 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.07
  • EUR494.45
  • RUB5.66
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2741)
7791 0 0

Динагүл Баешева карантин жеңілдетілгеннен кейін халық арқаны кеңге салып, сақтық шараларын ұмытып кеткенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін вирус жұқтырғандар күрт көбейді. Арасында симптомсыз науқас көп. 

Белгілі инфекционист дәрігер Динагүл Баешеваның айтуынша, дәл қазір қауіпті кезең басталды. Себебі карантин жеңілдетілгеннен кейін халық арқаны кеңге салып, сақтық шараларын ұмытқан.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 15 мыңнан асып түсті

Ауру белгілері білінбейтін науқастар жан-жағына жұқтырып жүр. Әсіресе отбасы мүшелері арасында жұқтыру дерегі көп, деп хабарлады Хабар 24.

Маманның сөзінше, адам індет жұқтырғанын ұзақ уақытқа дейін сезбеуі мүмкін. Ал ол кезде вирус өкпені зақымдап, ауру әбден асқынып кетеді. Және осы вирустан туындайтын пневмония басқа түрлерінен өзгеше. Елімізде COVID-19-ды емдеуге антиретровирустық препараттар қолданылады. Жалпы дәрігер қазір сақтық шараларын күшейту керек дейді.

"Қазір жағдайы нашарлаған, жұқтырған, қайтыс болған адамдардың саны артты. Себебі төтенше жағдайды алып тастадық. Содан кейін, карантин шарттары бәсеңдей бастады. Оның үстіне кейбіреулер індетке немқұрайлы қарайды, вирус жоқ деп ойлайды", - дейді инфеционист дәрігер Динагүл Баешева.

 

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2741)

Тақырып бойынша

"Ауруханада орын жоқ": Түркістан облысында не болып жатыр
Тағы бір шенеуніктен коронавирус табылды
"Рахат" фабрикасындағы коронавирус: бес жүзге жуық адамнан инфекция табылды
Денсаулық сақтау министрі Біртановтың жағдайына қатысты ақпарат шықты
Көкшетауда коронавирустан ерлі-зайыпты көз жұмды, ұлы жансақтау бөлімінде жатыр
ҰБТ-да талапкерлерді қалай тексереді – видео
Кілт сөздер:
коронавирус, дәрігер
Загрузка...

Басты тақырып