Қоғам

Көкшетауда коронавирустан ерлі-зайыпты көз жұмды, ұлы жансақтау бөлімінде жатыр

© AFP 2024 / MARTIN BERNETTIСотрудники больницы везут больного коронавирусом в отделение
Сотрудники больницы везут больного коронавирусом в отделение  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам Көкшетау қаласында тұратын әке-шешесіне қонаққа барған, қазір ол ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Көкшетауда ерлі-зайыпты коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Ата-анасына елордадан қонаққа келген ұлы қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл туралы "Еуразия" бірінші арнасы хабарлайды.

"Соңғы тіркелген қайғылы жағдай Нұр-Сұлтан қаласынан ата-анасына қонаққа келген ұлдың отбасында болды. Қазір ол өзі жансақтау бөлімінде жатыр. Екі күн ішінде анасы мен әкесін жер қойнына тапсырды. Өте ауыр жағдай. Көбісі сенбейді, бірақ қазір ахуал күрделі", - деп мәлімдеді Ақмола облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Блокбекеттер қайта қойылды

Көкшетауда 15 маусым кешкі 20:00-ден бастап қала аумағы бойынша жеті блокбекет орнатылды. Қалаға кіріп-шығатындар толығымен бақыланады. Бұған соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар санының күрт көбейіп кетуі себеп болған.

Тағы оқыңыз: Карантин күшейді: Бурабайға баратындар нені білуі тиіс

Бұдан бөлек, облыс аумағында базарлар, азық-түлік, гигиена және тұрмыстық химия тауарларын сататын сауда орталықтарының, қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты шектелді.

Соңғы мәліметтер бойынша Ақмола облысында коронавирус жұқтырған 205 адам тіркелген, соның ішінде 158-і емделіп шықты. Алты адам қайтыс болды.

Бұдан бөлек, індетке шалдыққан, бірақ ауру белгілері жоқ тағы 69 адам бар. Олар ресми статистикаға қосылмайды.

Жаңалықтар
0