Қоғам

Біртановпен араласқан тағы бір министр коронавирусқа тест тапсырды

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель ұстаған ер адам
Портфель ұстаған ер адам  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Сапархан Омаров коронавирусқа тест тапсырды, нәтиже – теріс

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров коронавирусқа тест тапсырып, өзін оқшаулады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адам ретінде коронавирусқа тест тапсырды. Нәтижесі – теріс", - деп мәлімдеді министрлік басшысының баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан.

Алайда, айтуынша, коронавирус диагностикасы және емдеу хаттамасына сәйкес, министр белгілі бір уақыттан кейін қайтадан анализ тапсыруы тиіс. Ал әзірге қауіпсіздік мақсатында ол өзін оқшаулады.

Баспасөз хатшысы Омаров бейнебайланыс арқылы кесте бойынша жұмыс істей беретінін атап өтті.

Айта кетсек, Сапархан Омаров Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен байланыста болған. Біртанов қазір астанада ауруханада ем қабылдап жатыр.

Тағы оқыңыз: Тоқаев депутат Бекболат Тілеухан туралы жазба жариялады

Қазақстанның оңтүстігіне үкіметтік делегацияны бастап барған премьер-министр Асқар Мамин де оқшауланды. Оның коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетті.

Осы сапардан кейін білім министрі Асхат Аймағамбетов пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та өзін оқшаулау режиміне ауысты.

Сонымен қатар, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Мәскеуге Жеңістің 75 жылдығына арналған мерекелік шараларға барар алдында өзін оқшаулағаны хабарланды.

Жаңалықтар
0