Қоғам

Білім министрі Аймағамбетов коронавирусқа тест тапсырды

© REUTERS / POOL NewВрач держит в руках пробирку с кровью для теста на коронавирус
Врач держит в руках пробирку с кровью для теста на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асхат Аймағамбетов коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрімен бірге Жамбыл облысында жұмыс сапарымен болған

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзін-өзі оқшаулады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрдің коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен.

"Асхат Қанатұлы өзін жақсы сезінеді, десе де бекітілген регламентке сәйкес, өзін-өзі оқшаулады және қашықтан жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, баспасөз қызметінің ақпаратынша, Аймағамбетов белгілі бір уақыттан кейін қайтадан анализ тапсырады.

Министрліктің жұмысы бейнебайланыс арқылы кестеге сай жалғасады, деп сендірді баспасөз қызметіндегілер.

Белгілі болғандай, Аймағамбетов коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен Жамбыл облысына барған.

Тағы оқыңыз: Коронавирус жұқтырған Бекболат Тілеуханға қатысты тың дерек шықты

Еске сала кетсек, 14 маусым күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Қазір ол елорданың жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр.

Осыдан кейін Біртановпен байланыста болған шенеуніктер бірінен соң бірі тест тапсырып, өзін-өзі оқшаулады. Солардың ішінде премьер-министр Асқар Мамин де бар. 12 маусым күні ол денсаулық сақтау министрімен бірге Жамбыл облысында жұмыс сапарымен болған. Үкімет басшысының ПТР тестілеуі теріс нәтиже көрсетті.

Жаңалықтар
0