Қоғам

Тік тұрып қол соқты: Данэлия Төлешова америкалықтардың қошеметіне бөленді – видео

© Sputnik / Виктор ТолочкоДанэлия Төлешова "Балалар Евровидениесінің" сахнасында
Данэлия Төлешова Балалар Евровидениесінің сахнасында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әнші, биші, сиқыршы, әзілкештер мен өзге де талантты адамдар өнер көрсететін "America's Got Talent" байқауының бас жүлдесі – бір миллион доллар

АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Қазақстандық 13 жасар әнші Данэлия Төлешова АҚШ-тың "America's Got Talent" шоуына қатысып жатыр.

Данэлияның ән орындаған сәті таланттар шоуының үшінші эпизодына кірді. Ол канадалық әнші Faouzia-ның "Tears of Gold" әнін орындады.

Қазылар алқасы мен шоу қонақтары қазақстандық жасөпірімнің өнерін жоғары бағалады. Ал залда отырған көрермендер орындарынан тұрып, әншіге қошемет көрсетті.

Ал Данэлияның өзі сахнаға шығар алдында қатты қобалжығанын айтты. Алайда ол мұндай ауқымды сахнаға алғаш рет шығып тұрған жоқ. Өткен жылы осы жобаға ұқсас "The World's Best" байқауында әнші Димаш Құдайбергенмен бірге бақ сынады.

"Менімше, бұл конкурс кез келген әртіс үшін үлкен арман. Себебі бұл өте жоғары деңгей. Қызық болатынына сенімдімін. Ал мен өзім барымды салып өнер көрсетуге тырысамын. Егер сіздерге қызық болса, шоуды қараңыздар", – дейді Данэлия.

Айта кетейік, бұл тележоба 2006 жылдың 21 маусымынан бастап өтіп келеді. Байқауда әнші, биші, сиқыршы, әзілкештер мен өзге де талантты адамдар өнер көрсетеді. "America's Got Talent" байқауының бас жүлдесі – бір миллион доллар. Шоудың 15-ші маусымы 26 мамырда NBC телеарнасында, ал 29 мамырда Netflix UK-те көрсетіле бастады.

Оқи отырыңыз: Данэлия Төлешова Sputnik Қазақстан оқырмандары үшін арнайы ән салды – видео

Қазылар алқасының құрамында жобаның негізін қалаушы және продюсері Саймон Коуэлл, талантты актриса София Вергара, сән әлемінде танымал Хайди Клум және көрерменнің сүйікті әзілкеші Хоуи Мэндел бар.

Данэлия Төлешова туралы не білеміз

Данэлия Төлешова – қазақстандық әнші, украиналық "Голос. Діти" байқауының жеңімпазы. 2018 жылы "Балалар Евровидениесі" байқауында Қазақстан атынан ән шырқап, алтыншы орынға ие болды. Сондай-ақ, Димаш Құдайбергенмен бірге"The World's Best" байқауына қатысты.

Жаңалықтар
0