09:43 22 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1072 0 0

Сот жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру арқылы айыпталушыны 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды

АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Шымкент соты медбикені зорлады деп айыпталған дәрігердің ісі бойынша қабылданған шешімді қайта қарады.

Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылдың 9 маусымдағы қаулысымен аудандық соттың 2019 жылдың 21 қазанындағы ақтау үкімінің күші жойылып, жаңа айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлады Шымкент қаласы сотының ресми сайты.

"Жаңа айыптау үкімімен Н.-ға қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігімен ("Зорлау") 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал 121-бабының 1-бөлігімен ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кодекстегі 58-баптың 2-бөлігін ("Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау") басшылыққа алып, онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыру арқылы Н.-ға түпкілікті 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген ақпаратта.

Сотталушы сот залында қамауға алынды. Апелляциялық үкім 2020 жылдың 9 маусымында заңды күшіне енді.

Сонымен қатар сот алқасы моральдық зиянды өтеу туралы жәбірленушінің қойып отырған азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына сотталған азаматтан 1 миллион теңге өндірілді.

Сот алқасы жаза тағайындау кезінде қылмыстық кодекстің 52-бабының ("Жаза тағайындаудың жалпы негіздері") талаптарын сақтай отырып, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, сотталушының жеке басына байланысты деректерді, оның жазасын ауырлататын мән-жайлардың болмағанын, асырауында жас балаларының болуын ескерді.

"Апелляциялық сот алқасы сот тергеуін қайта жаңғыртып, іс материалдарын объективті түрде жан-жақты әрі толыққанды зерттеп, зерделеп жәбірленушінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезіндегі және сот отырыстарындағы біркелкі берген жауаптарын шынайы деп бағалады. Н.-ның тарапынан зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері болған деп таныды", – делінген хабарламада.

Бір кабинетте отыратын әріптесін зорлады

2019 жылы 18 сәуірде Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық аурухананың медбикесі полицияға арыз жазды. Айтуынша, 16 сәуірде оны бір кабинетте отыратын әріптесі жұмыс орнында зорлаған.

Тергеу ұзаққа созылып, іске "НеМолчи.KZ" қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дина Смайылова араласты.

Нәтижесінде, резонанстық іс сотқа жетіп, айып тағылған нефролог дәрігер сәуір айында қызметінен босатылған.

Тергеу барысында ол кінәсін бірде мойындап, бірде бас тартқан. Басында дәрігер өз кінәсін мойындаған. Оның сөзі видеоға да түсірілген. Алайда сотта ол сөзінен бас тартып, мүлдем басқа жерде болғанын мәлімдеді. Аурухананың бейнекамералары түсірген видео материалдар жоғалып кетті. Күдіктінің кешірім сұрап жатқан видеосы да іске қосылған жоқ. Аурухана басшылығы зардап шеккен медбикеге қысым жасап, ымыраға келуді талап еткен. Ал сот кезінде куәгерлер мен медициналық сараптаманың нәтижесі расталған жоқ.

Оқи отырыңыз: Бір кабинетте отыратын әріптесін зорлады деген күдікке ілінген дәрігер ақталып шықты

2020 жылдың 21 қазанында әл-Фараби аудандық сотының шешімімен медбикені зорлады деп айыпталған дәрігер ақталып шықты. Сот отырысы жабық режимде өтті.

Тақырып бойынша

Қарағандыда ерлі-зайыпты қызын зорлады: оқиға немен аяқталды
Алматыда қыз зорлады деген күдікке ілінген адам ұсталды
Әйелін зорлап, күйеуін өлтірді: Алматы облысында сұмдық қылмыс әшкере болды
100 мың теңге ұсынды: Павлодарда екі баланың әкесі дәрігерді зорлап тастады
Зорланғаны анықталды: Алматы облысында жоғалған 7 жасар қыз табылды
Кілт сөздер:
әйел зорлау, сот үкімі
Загрузка...

Басты тақырып