12:56 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3069 0 0

Бүгінгі таңда Елбасының бастамасымен құрылған қоғамдық қор 1,6 миллион қазақстандыққа атаулы көмек көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен "Birgemiz" қоры біржолғы төлем берудің үшінші кезеңін жүргізді. Нәтижесінде 110 мыңнан астам отбасы 50 000 теңгеден алды.

Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

"Елбасының тапсырмасымен "Birgemiz" қоры біржолғы төлемақы берудің үшінші кезеңін жүргізгенін хабарлаймын. Шағын қалалар мен ауылдарда, ірі қалаларға іргелес елді мекендерде аса мұқтаж 110 мыңнан астам отбасы 50 000 теңгеден алды", - деп жазды ол Instagram-да.

Осылайша, бүгінгі таңда Назарбаевтың бастамасымен құрылған қоғамдық қор 470 мыңнан астам отбасыны немесе 1,6 миллион қазақстандықты тікелей атаулы көмекпен қамтыды.

"Jas Otan" бүкіл ел бойынша 5 мыңнан астам волонтерді жұмылдырып, 256 мыңдай отбасыға азық-түлік себетін, маскалар мен ең қажетті заттарды жеткізген.

Тұрмысы төмен 100 мың отбасыға 5 миллион маска тегін таратылды.

Сонымен қатар, Байбектің айтуынша, "Birgemiz" қоры есебінен Мақтаарал ауданында су басқан Достық ауылының тұрғындары үшін жаңа үйлер салынып жатыр.

Тағы оқыңыз: "Birgemiz" қорына түскен ақшаны тарататындардың аты-жөні жарияланды

"Жалпы, төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап нұротандықтар еліміздің барлық өңірінен Түркістан облысына 1000 тоннадан астам азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары мен жеке гигиена құралдарын жіберді. Жедел және үйлесімді жұмысы үшін барша партияластарға, жасотандықтарға, партияның өңірлік филиалдарына шынайы алғысымды білдіремін", - деді Байбек.

Ол Елбасының үндеуіне қолдау білдірген меценаттарға да ризашылығын жеткізді.

Айтуынша, осы аптада партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаттары табысталады.

Тақырып бойынша

Елбасы қорынан кімдерге 50 мың теңгеден берілетіні айтылды
"Birgemiz" қоры қанша отбасыға 50 мың теңгеден таратып берді
Маған пейілі кең, бауырмал халыққа басшылық ету бақыты бұйырды – Елбасы
Кілт сөздер:
ақша, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып