Қоғам

Қазақстандықтар Түркияға қашаннан бастап ұша алады - министр жауабы

© Sputnik / Тимур БатыршинСамолет в аэропорту Алматы
Самолет в аэропорту Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атамқұловтың айтуынша, Қазақстандағы көлік саласы – коронавирус пандемиясынан ең көп зардап шеккен саланың бірі

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан мен Түркия арасында халықаралық рейсті маусым айының соңында жандандыру жоспарланып отыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Халықаралық рейстерді кезең-кезеңмен жандандыру жоспарланып отыр. Осы маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасында халықаралық рейсті қайта ашу көзделген", - деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Айтуынша, эпидемиялогиялық жағдай әрі қарай жақсарса, басқа елдермен де әуе қатынасы жанданады.

Министр бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда көлік саласы коронавирус пандемиясынан ең көп зардап шеккен саланың бірі екенін атап өтті.

Осы жылдың 1 мамырынан Нұр-Сұлтан мен Алматыдан республиканың 20 қаласына ішкі әуе рейстері кезең-кезеңмен қайта жандануда.

Қазіргі таңда 44 ішкі бағыт бойынша аптасына 349 рейс орындалуда. 188 мың әуе билеті сатылды.

Оқи отырыңыз: Карантин аяқталғаннан кейін ұшақ жолаушыларынан анықтама талап етіле ме?

Сонымен қатар, бірінші маусымнан елімізде 54 жолаушылар пойызы қайта жүре бастады. Билеттер 15 мамырда сатыла бастаған еді. 8 маусымға дейін пойыздарға 645 мың билет сатылған.

Жаңалықтар
0