15:13 24 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD425.59
  • EUR505.43
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
105 0 0

Целиноград кезінде берілген TSE әуежай кодын ауыстыру туралы мәселе 2014 жылдан бері жүргізілген

АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Әуежайдың үш әріптік кодын ауыстыру материалдық шығынды талап етпейді. Бұл туралы Қазақстан астанасындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына жаңа код беру бойынша өткен брифингте азаматтық авиация комитетінің басшысы айтты.

Оның айтуынша, ешқандай баж төлеудің қажеті жоқ, авиатасымалдаушылар да қосымша шығындарға ұшырамайды.

"Кодты ауыстыру ешқандай қауіп төндірмейді, барлық жүйе цифрландырылған. Көптеген ел имидждік мән ретінде ұтып шығады. Жалпы алғанда, ол деректер алмасуда утилитарлық мәнге ие", - деді Ластаев.
Аэропорт Нур-Султана официально сменил код на NQZ
© Sputnik / Абзал Калиев
Әуежайдың жаңа коды

Ол кодты өзгерту жұмыстары 2014 жылдан бері жүргізілгенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін әуежай коды бір рет беріледі және өзгертілмейді деген IATA принципі болды.

"Біз "Эйр Астана" басшылығының жетекшілігімен қазақстандық әуе тасымалдаушылармен бірге ауқымды келіссөздер жүргіздік. Ұйымның мүшесі болғандықтан бізге басқа да тасымалдаушылар көмектесті. Қазақстан мен Нұр-Сұлтанға ұшуды жүзеге асыратын тасымалдаушылар мұндай бастаманы бірауыздан қолдады", - деді Ластаев.

Бірлескен күш-жігердің арқасында жаңа тәсіл ойлап табылды, деп толықтырды ол өз сөзін.

"Біз бастапқыда нақты пункт – Нұр-Сұлтан кодын өзгерту үшін жұмыс істедік. Содан кейін осындай сұрауларға IATA пікірін өзгерту үшін жұмыс бағыты өзгерді. Өйткені бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, басқа елдер үшін, әсіресе бұрынғы КСРО елдері үшін де маңызды", - деді Ластаев.

IATA қарарында не өзгерді

Жаңартылған қарарға сәйкес, енді қандай да бір әуежайдың кодын өзгертуге қатысты белгіленген нақты талаптар бар.

"Алдымен мемлекеттің өтініші болуы қажет. Одан соң осы пунктке ұшуды жүзеге асыратын IATA-ға мүше авиакомпаниялар кодтың өзгеруімен келісуі қажет. Егер бұл екі шарт сақталса, IATA кодты өзгертуді қарастыра алады", - деп түсіндірді Ластаев Sputnik Қазақстан сұрағына жауап бере отырып.

Осы ретте Қазақстанда кодтың өзгеруіне байланысты физикалық шығындар мен қосымша қаржыландыру болған жоқ.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда су жаңа әуежай салынады

Ластаев сыртқы істер министрлігінің келіссөз процесіне қосқан үлесін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін астана әуежайы Целиноград кезінде берілген TSE кодымен белгіленіп жүрді.

Тақырып бойынша

Назарбаев әуежайы халықаралық рейстерді қабылдауды тоқтатады 
Астана әуежайы тұрағына уақытша көлік қоюға болмайды
Алакөл маңындағы әуежай алғашқы туристерді қабылдады
Семейде әуежай мен мектепке Абай есімі беріледі
Bek Air ұшағының апаты: жолаушыларға көмектескен әуежай қызметкерлері марапатталды
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, Астана әуежайы, әуежай
Загрузка...

Басты тақырып