03:23 20 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.88
  • EUR502.93
  • RUB5.51
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (665)
147001

Қалада кәсіпорын, мекемелер мен сауда орындарының жұмыс уақытына өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ, бетпердесіз жолаушыларды қоғамдық көліктерге  отырғызбайды

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысымен, Шымкенттегі карантин мерзімі мен шектеу шараларының мерзімі 8 маусымнан 22 маусымға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мұндай шешім қаладағы коронавирус инфекциясымен сырқаттану көрсеткіші 3,7% өсуіне байланысты қабылданды.

Қалада қандай шектеулер енгізілді

  • Тұрғындардан қоғамдық орындар мен қалалық қоғамдық көліктерде және қызметі рұқсат етілген нысандарда бетперделер мен қолғаптар киіп жүру талап етіледі;
  • Аса зәрулік туындамаған жағдайда қала ішінде еркін қозғалысты шектеу;
  • Бетпердесіз жолаушылар қоғамдық көліктерге отырғызылмайды;
  • Барлық базарлардың жұмыс уақыты сағат 06.00-ден сағат 19.00-ге дейін шектеледі;
  • Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23.00-ге дейін бекітілді;
  • Сауда-ойын орталықтары мен оның аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалардың ойын алаңдары, мұз алаңдары мен батут және фудкорттардың ашылуына әлі де тиым салынды;
  • Шомылу мен демалыс орындарында адамдардың шоғырлануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау міндеттелді.

Оқи отырыңыз: Карантин тәртібіне қатысты Нұр-Сұлтан полициясы мәлімдеме жасады

Сонымен қатар, қаланың бас санитар дәрігері денсаулық сақтау саласы мен білім беру мекемелерінде тағы басқа да қызмет көрсететін қоғамдық орындарда азматтардың жаппай жиналуын болдырмау мақсатында карантиндік шараларды қатаң сақтауға үндеді.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (665)

Тақырып бойынша

Қазақстанда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейеді
Карантин аяқталды деген сөз бе - Бекшин блок бекеттерді алу туралы айтты
Карантин кезінде суға шомылатындар нені ескеруі тиіс
Қазақстанда карантин кезінде балалар суициді жиілеген
Атырауда карантин күшейтілді
Кілт сөздер:
Шымкент, карантин
Загрузка...

Басты тақырып