Қоғам

Қазақстандық актер АҚШ-та болған сұмдық жағдай туралы : Өмірім көз алдымнан өтті

© Mark Makela Полицейский с штурмовой винтовкой контролирует деятельность отвечающих на стрельбу 14 августа 2019 в Филадельфии, Пенсильвания
 Полицейский с штурмовой винтовкой контролирует деятельность отвечающих на стрельбу 14 августа 2019 в Филадельфии, Пенсильвания - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ офицері көліктің жүксалғышын ашуды сұраған. Арнайы түймені басу арқылы ашылмаған соң, бірден көліктен шығып, өзі ашуға тырысқан

АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Қазақстандық актер Санжар Мәди Instagram парақшасында отандасы әрі әріптесі Максим Акбаровпен бірге 2011 жылы АҚШ полициясының қару кезенгені жайлы оқиғаны жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға Санжар Мәди мен Максим Акбаров Лос-Анджелестегі Нью-Йорк кино академиясына түскен кезде болған.

"Бізді жоспармен таныстырып, arriflex 16mm видео камерасы мен жарық беру құрылғысын және штатив берді. Ескі кабриолет автокөлігін жалға алып, түсірілім деректемелерін алуға бара жаттық. Бір бұрылыста полиция қызметкері мінген джип көлігі соңымызға түсті. Олар жарқырайтын маякты қосқан сәтте жол жиегіне тоқтадым. Полиция көлігінен екі офицер шықты. Бірі көліктің артқы жағында тұрды да, екіншісі жүргізуші есігінің жанына келді", – деп жазды актер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sanjar Madi • Санжар Мади (@sanjar.madi)

Санжар Мәди дәл сол жылы Нью Гепшир штатындағы Портсмутта қарағандылық Кирилл Денякиннің атылғанын еске алды. Денякин полиция қолынан қаза тапқан болатын. Полицей қарусыз студентке 11 оқ атқан.

"Офицер көліктің құжаттары мен жүргізуші куәлігін сұрады. Сол кезде машинаның техникалық байқауының мерзімі өтіп кеткенін білдік. Оған қоса біздің жүргізуші куәлігімізде халықаралық стандарттарға сай, жалғыз шетелдік жазу француз тілінде жазылған екен. Офицер француз емес екенімізді нақтылаған соң, Қазақстаннан екенімізді біліп, Борат жайлы сұрады", – дейді ол. 

Одан кейін офицер көліктің жүксалғышын ашуды сұраған. Арнайы түймені басу арқылы ашылмаған соң, бірден көліктен шығып, өзі ашуға тырысқан.

"Қандай да бір себеппен жүксалғышты ашатын түйме істемей қалды. Ешбір жаман ойсыз көліктен шығып, жүксалғышты ашып көрсетейін деп шештім. Менің қателігім осы болды. Екі офицер бірден револьверін алып, бізге қарай кезенді. Көліктің кабриолет екенін ескерсек және қандай да бір қателік жіберсек олар мүлт кетпейтін еді. Әп-сәтте бүкіл өмірім көз алдымнан өтті. Арқамнан тер бұрқ етіп, өзім көрмесем де сол сәтте өңім бозарып кеткенін сездім", – дейді Санжар.

Актердің айтуынша, бір офицер жүксалғышты тексерген, ал екіншісі көліктегілерді бақылауға қалған.

"Ол жерде камера мен жарық беру құрылғысы болды. Олар ашуланатындай ештеңе болмады. Кейін студент екенімізді білген соң "Стоп" деген белгіден өтіп кеткенімізді ескертіп, босатты", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Метрода ән шырқаған үйсіз-күйсіз әйелдің дауысы жұртты сүйсіндірді – видео

Осы оқиғадан кейін Акбаров екеуі көлікте 40 минуттай үнсіз отырған.

"Қазір сол жағдайды ойлап қарасам, біздің жолымыз болған екенін түсінемін. Сол кезде абайсызда бірдеңе болса, біреудің әділеттілікке қол жеткізе алмауы мүмкін еді", – деп жазды ол.

Жаңалықтар
0