Қоғам

Тоқаев Қытай төрағасы телефонмен сөйлескенде өзіне не дегенін айтты

Жазылу
Қытай төрағасы Си Цзиньпин Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенде "басыңа іс түскенде достың кім екенін білесің" деген мақалдың дұрыс екенін айтқан

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты дамытудың келешегі жайлы айтты.

"Қытаймен арадағы ынтымақтастықты дамытуда біздің бірінші президент Назарбаев табысты еңбек етті. Қазір екі ел арасындағы қатынас ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді", – деді Тоқаев ресейлік "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында.

Тоқаев екі ел арасында жоғары саяси деңгейдегі байланыстардың оң динамикасы қалыптасқанын айтты.

Президенттің айтуынша, өткен жылдың қыркүйегінде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен жүргізілген келіссөздер барысында бірлескен мәлімдеме қабылданды. Ол жерде екі ел ынтымақтастығының даму бағыттары айтылды.

"Біз халықаралық және өңірлік ұйымдарда (БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК) белсенді түрде өзара жұмыс істейміз", – деді ол.

Сонымен қатар Қытайдың маңызды экономикалық серіктес екенін, 2019 жылы екі жақты тауар айналымының 14,5 миллиард долларға жеткенін атап өтті.

"Covid-19 пандемиясымен күресті екі ел арасындағы ынтымақтастық пен өзара көмек беруді серіктестік тарихындағы жаңа парақ деп атауға болады. Қазақстан Уханьға медициналық гуманитарлық көмек жіберді. Менімен телефон арқылы сөйлескен кезде төраға Си Цзиньпин "басыңа іс түскенде достың кім екенін білесің" деген мақалдың дұрыс екенін мәлімдеді", – деді Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанға көмек көрсеткен қытай миллиардеріне алғыс білдірді

Сұхбат барысында коронавирус толқыны Қазақстанға жеткенде, Қытай тарапы да дереу гуманитарлық көмек көрсетіп, білікті мамандар тобын жібергенін айтып өтті.

Жаңалықтар
0