Қоғам

Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі тағы мәлімдеме жасады

© Photo : Polisia.kzМашина протаранила полицейское авто на блокпосту в Алматы
Машина протаранила полицейское авто на блокпосту в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Талғат Мұқашев ұлының ішкі істер органдарынан жұмыстан шығып кеткенін енді ғана біліп отырғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Алматының блок бекетінде екі полицейді қағып өлтірді деген күдікке ілінген Азат Азаматовтың әкесі тағы да сұхбат беріп, ұлының жұмыстан шығып кеткенін білмегенін мәлімдеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZTB QAZAQSTAN (@ztb_kz)

Талғат Мұқашев кешегі сұхбатында балам бұрынғы полицей емес, ішкі істер саласында жұмыс істейді деп айтқан болатын.

"Ұлымның әріптестерінің отбасына тағы да көңіл айтамын. Менің де қабырғамды қайыстырды. Бәрінен, елімнен кешірім сұраймын. Балам коронавирусқа қарсы демалыссыз жұмыс істеп, соған шыдамай, өз еркімен кетіп қалғанын білмедім. Білсем кеше олай айтпас едім. Енді ғана білдім", - деді Мұқашев.  

Ол ұлын қатал тәрбиелегенін айта келе, жұмыстан шыққанын айтуға қорыққан болуы мүмкін деп топшылады.

"Мен де ет пен сүйектен жаралған пендемін. Ешкімнің баласына қиянат жасағым келмейді. Кез келген адам қателесуі мүмкін. Балам қателескен шығар, мүмкін мен дұрыс тәрбие бере алмаған шығармын. Бірақ балам жаман адам емес. Өмір болған соң бәрі болады. Халқым, сіздерден кешірім сұраймын, сөге көрмеңіздерші, сіздер де ата-анасыздар ғой", - деді ол.

Блок бекеттегі трагедия

25 мамыр күні таңертең Көксай ауылындағы блок бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей көз жұмды. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында, ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде жан тапсырды. Тағы бір полицей ауыр жараланды. Ол бекеттен әрі-бері өткен көліктерді тексеріп тұрған. Басынан ауыр жараланған полицейге ота жасалды.

Оқи отырыңыз: Алматы блок бекетіндегі оқиғадан кейін полиция департаментінің басшылығы жазаланды 

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қайтыс болған полицейлердің отбасына пәтер берілетінін айтты.

Оқиғаны ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жеке бақылауына алды.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0