17:41 28 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.75
  • EUR507.45
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2360 0 0

Ата-ана ел ішінде демалатын болса, онда он бес жасқа дейінгі екі баласы ұшақпен тегін ұшу мүмкіндігіне ие болады

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстан ішінде демалатын он бес жасқа дейінгі балалар тегін ұшады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға "Қазақтуризм" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен мәлімдеді.

Жоба"1+2" есебімен 2 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін ел ішінде ұшуға кететін шығынды өтеуді көздейді.

"Қазақстандықтарды ел ішінде демалуға ынталандыру үшін біз "KIDS GO FREE" жобасын әзірледік. Республикалық бюджеттік комиссия қарауы үшін қаржы министрлігіне енгіздік", - деді "Қазақтуризмнен".

Ұлттық компанияның пікірінше, бұл демалысты 30%-ке арзандатуға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Табыс күрт азайды: Қазақстанның әуе тасымалына мемлекет қандай қолдау көрсетеді

100 мың отбасы немесе 600 мың қазақстандық үшін 7,6 миллиард теңге субсидияланған кезде, 33 миллиард теңгеден астам қаржы ел экономикасына түседі. Яғни, Қазақстан экономикасына бір теңге субсидияға 5 теңге келеді.

Қазақстан ҰЭМ статистика комитетінің мәліметінше, былтыр ішкі туристің орташа чегі 108 мың теңгені құрады.

Кілт сөздер:
ұшақ, балалар
Загрузка...

Басты тақырып