Қоғам

Алматыда балабақшалар қашан ашылады – қала әкімі жауап берді 

© Sputnik / Тимур БатыршинДень города в Алматы
День города в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балабақшалардың дені қатаң эпидемиологиялық жағдайда жұмыс істеуге дайын емес екені айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев балабақшаларды неге ашпай отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әкімнің айтуынша, бүгінде кейбір адамдар жұмысқа шыққаннан кейін балабақшаларды ашуды жиі сұрайды. Кезекшілік топтарының болғанын қалайды. Алайда балабақшалардың өздері қатаң эпидемиологиялық жағдайда жұмыс істеуге дайын емес.  

"Жақында мен Жетісу ауданында болдым. Сол кезде бір балабақшаға кіріп, меңгерушісінен балаларды қабылдауға қаншалықты дайын екенін сұрадым. Ол жерге 160 бала барады екен. Солардың бәрі келсе, қалай қабылдайды? Соны білгім келді. Бірақ өздері де білмейтін болып шықты, мүлдем түсінік жоқ. Меніңше, барлық балабақша солай", - деді Сағынтаев бүгінгі онлайн брифингте. 

Әкімнің ойынша, қатаң санитарлық талаптарға мемлекеттік балабақшалар ғана емес, жеке меншік балабақшалар да дайын емес. Сондықтан қызметкерлер толығымен дайын болмайынша балабақшалар ашылмайды. 

Тағы оқыңыз: Блок бекеттегі трагедия: қаза болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі 

"Шетелде арақашықтықты сақтау үшін парта, орындық пен үстелдің бәрін жерге шегелеп қояды, сонда ешкім қозғай алмайды. Бізде ондай жоқ. Біз балалардың денсаулығын ойлауымыз қажет. Қызметкерлерді дайындықтан өткізу керек. Бәрінің денсаулығын тексеріп шығу қажет. Бұл оңай жұмыс емес", - деп атап көрсетті Сағынтаев.

Жаңалықтар
0