Қоғам

"Жауапқа тарту қажет": Тоқаев оқулықтардың сапасы өте төмен екенін айтты

© Sputnik / Владислав ВодневУчебник и клавиатура компьютера, дистанционное обучение
Учебник и клавиатура компьютера, дистанционное обучение - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент оқулықтардың сапасы үшін оны әзірлегендердің жауапкершілігін заңды түрде бекітуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз оқулық дайындайтындарды жауапкершілікке тарту тетігін заңды түрде бекітуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Білім сапасы оқулықтың сапасына байланысты. Бұл – аксиома. Сондықтан ғылыми-тәжірибелік сараптама мен оқулықтардың апробациясына қатысты талаптарды түбегелі күшейту керек", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бүгінгі отырысында.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қазақ тілін тиімді оқытудың әдісін тапты 

Мемлекет басшысы бұл білім және ғылым министрлігінің басты міндеті екенін атап өтті.

"Біздегі оқулықтардың сапасы өте төмен", - деп қынжылды ол.

Осы орайда президент оқулықтардың сапасы үшін оны әзірлегендердің жауапкершілігін заңды түрде бекітуді тапсырды.

"Нашар оқулық дайындалса, ол кітап қолданысқа түспесе, әзірлеушіні жауапкершілікке тарту қажет. Басқаша болмайды", - деп түйіндеді Тоқаев.

Жаңалықтар
0