Қоғам

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаТокаев провел заседание Штаба оперативного реагирования
Токаев провел заседание Штаба оперативного реагирования - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев Рамазан айында сабыр сақтап, төзімділік танытқанның арқасында індетке байланысты қалыптасқан ахуал біршама тұрақтанғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады. 

"Сіздерді Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ислам әлеміндегі айтулы әрі қастерлі мейрам. Ораза айт рухани тұрғыдан жаңаруға және кемелденуге үндейтін қасиетті Рамазан айына жалғасып, жақсылыққа жетелейді", - деді президент.

Имандылықпен берік үндес адамгершілік пен бауырмалдық, қарапайымдылық пен кішіпейілділік – ұлттық тәлім-тәрбиенің бастауы. Оны бүгінгі ұрпақтың өмір салтына айналдыру керек.

"Мейрам күндері күллі мұсылман қауымы бір-біріне қамқорлық жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді. Мұндай игі істер біздің ырыс-ынтымағымызды арттыра түседі", - деді мемлекет басшысы. 

Тоқаев Рамазан айында сабыр сақтап, төзімділік танытқанның арқасында індетке байланысты қалыптасқан ахуал біршама тұрақтанғанын атап өтті. 

"Халқымыздың парасаты мол, бірлігі бекем болса, бұл сынақтан да сүрінбей өтеміз деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін!", - деп игі тілегін жеткізді. 

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде қазақстандықтар Ораза айт мерекесін қалай қарсы алады

Жаңалықтар
0