Қоғам

Қазақстанның тоғыз өңірінде ХҚКО ашылды

© Sputnik / Тимур БатыршинЦентр обслуживания населения (ЦОН)
Центр обслуживания населения (ЦОН) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халыққа қызмет көрсету орталықтары әзірге Жамбыл облысында мүлдем жұмыс істемейді, қалған өңірлерде бизнеске арналған ХҚКО іске қосылған

АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. 20 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында халыққа қызмет көрсету орталықтары толығымен жұмыс істейді.

"Жамбыл облысында әзірге ХҚКО жұмыс істемейді", – деп хабарлады жедел штаб.

Қалған өңірлерде әкімдіктер жанындағы облыстық штабтардың шешімі бойынша жеке ХҚКО тек бизнес өкілдеріне қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, қызмет алу үшін алдын ала жазылу қажет. Мұны үш жолмен жасауға болады: egov.kz порталында, 1414 нөмірі арқылы, @Kenes1414Bot телеграм-бот желісі арқылы.

Нұрсұлтанда сауда орталықтары ашылды

Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 20 мамырдан бастап сауда орталықтарында дүкендердің жұмысына рұқсат берілді. Ойын-сауық және сауда орталықтары, фудкорттар, кинотеатрлар әлі де жабық болады. Кейбір  ойын-сауық орталығының ішіндегі мейрамхана өзімен бірге алып кету қызметін көрсетіп жұмыс істей алады.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде ХҚКО қалай жұмыс істейді?

Келушілер мен барлық қызметкер маска тағуға міндетті. Орталыққа кіреберісте санитайзерлер орнатылған, кейбір орталықта маска мен қолғап сату пункттері ашылды. Жұмысқа келгенде қызметкерлердің дене қызуы өлшенеді.

Астанада монша мен сауна қалай жұмыс істейді

Монша мен сауна алдын ала жазылу бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, нысан аумағынының 30%-інен артық толмауы қажет.

Адамдарға күту залында отыруға болмайды, қызметкерлер мен келушілер арасында байланыс барынша аз болуы қажет.

Ал бассейндердің жұмысына тыйым салынған.

Жаңалықтар
0