12:18 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
100 0 0

SputnikPro білім беру жобасының онлайн-сессиясына қатысуға қазақстандық журналистер, баспасөз қызметкерлері мен блогерлер шақырылады

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Sputnik радиосы мен халықаралық ақпарат агенттігі 22 мамыр күні сағат 16:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) "Әлеуметтік желілер мен жаңалықтар сайтына бейнені қалай оңай және дұрыс түсіріп, аудитория жинауға болады" деген тақырыпта вебинар өткізеді.

Онлайн-сессияны Ruptly сайтының орыс тіліндегі нұсқасының бас редакторы Мария Дьяконова спикер ретінде жүргізеді.

Главный редактор русскоязычной версии сайта Ruptly Мария Дьяконова
© Ruptly .
Ruptly сайтының орыс тіліндегі нұсқасының бас редакторы Мария Дьяконова

Мария Дьяконова 2012 жылдан бастап журналистика саласында қызмет етіп келеді. Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетін бітіргеннен ол RT арнасының шетелдік телеарналар бөлімінде жұмыс істеген. Атап айтқанда, "неміс және ағылшын тілді БАҚ" бағытына жауапты болды. Сонымен бірге "Голоса России" неміс басылымына репортаждар жасады.

2014 жылы Германияға көшіп, Берлин Еркін университетінің кинотану және театртану факультетін бітірген.

Сондай-ақ, ол RTVI телеарнасында корреспондент болып, Stimme Russlands радиостанциясының Берлиндегі кеңсесінде жұмыс істеді. 2015 жылы Ruptly командасына қосылып, бродкаст журналист болды. Содан кейін Ruptly халықаралық және ресейлік әлеуметтік желілерін басқарды. 2020 жылдан бері видео агенттіктің Мәскеудегі кеңсесінде жұмыс істейді.

Вебинарда Мария Дьяконова Ruptly видео агенттігінің журналистері жарқын әрі қызықты бейнелерді қалай жасайтындығы туралы айтып береді. Әсіресе, әлеуметтік желілерге арналған көрнекі видеолар түсіруге ерекше назар аударылады.

"Әлеуметтік желілерге арналған саясат немесе әлеуметтік тарихи видеолар көрермендің эмоциясын тудыруы керек. Эмоционалды тартымдылығы бар бейнені адамдар таратқысы келіп тұрады", – дейді Ruptly сайтының орыс тіліндегі нұсқасының бас редакторы.

SputnikPro білім беру жобасының онлайн-сессиясына қатысуға қазақстандық журналистер, баспасөз қызметкерлері мен блогерлер шақырылады. Тіркелу рәсімі мына сілтеме бойынша жүргізіледі.

SputnikPro ағарту жобасы туралы

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

2018 жылдың наурызынан бері оған 80 елден 3 мыңнан астам өкіл қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары мен семинарлары Әзербайжан, Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде ұйымдастырылды.

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы туралы

Sputnik – ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі, ол 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілінде ақпарат жеткізеді.

Оқи отырыңыз: SputnikPro: басқа адамның суретін авторлық құқықты бұзбай қалай пайдалануға болады

Sputnik ақпарат ресурстарының аудиториясы айына 60 миллионнан астам адамды құрайды, Sputnik China аккаунты мен Вэйбо жазылушыларының саны 11 миллионнан асты.

Бейжіңнен Монтевидеоға дейін бүкіл әлем бойынша 23 редакциялық орталықта мыңнан астам адам жұмыс істейді. Sputnik "Россия сегодня" медиатобына кіреді. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.

Тақырып бойынша

Қазақстандық журналист SputnikPro жобасында кәсіби біліктілігін шыңдап жатыр
SputnikPro: сұхбат алу кезінде коронавирусты жұқтырып алмау жолдары айтылды
Жалған ақпаратқа жол жоқ: SputnikPro журналистер үшін онлайн-маусым ашты
Адамдар ақпараттық фастфудтан мезі болды – SputnikPro сарапшысы
Жалған ақпарат тарату үшін көбінесе "аналар" чаттары қолданылады – SputnikPro сарапшысы
Загрузка...

Басты тақырып