Қоғам

Мешітке 15 минутқа ғана кіруге рұқсат: бас мүфти үндеу жасады

© Sputnik / Абзал КалиевМечеть "Нур-Астана" на карантине во время Священного месяца Рамазан
Мечеть Нур-Астана на карантине во время Священного месяца Рамазан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мешітке медициналық маска және қолғап киіп келіп, антисептикті жиі қолдану керек. Жеке құлшылық жасау кезінде бір жарым метр арақашықтық сақталады

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Облыстардағы мешіттер сол өңірдегі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың қаулысына сәйкес ашылады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас мүфти 18 мамырда жеке құлшылық жасап, құран оқытып, неке қидыруға ниет білдірген азаматтар үшін мешіттер ашылатынын айтты. Бірақ, барлық облыста емес.  

Оқи отырыңыз: Қазақстанда Қадір түнін мешітте қарсы алуға бола ма – діни басқарманың жауабы 

"Өйткені әрбір облыстағы карантиндік жағдай деңгейі әртүрлі. Бас санитар дәрігердің карантин режимінің кезеңдік талаптарын сақтау бойынша қаулысын ұстанып келеміз. Осыған орай облыста мешіттердің ашылуы сол өңірдегі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың қаулысына сәйкес жүзеге асырылады", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы онлайн брифингте.

Айтуынша, жамағатпен оқылатын бес уақыт жұма, тарауық намазына қойылған уақытша шектеу өз күшінде қалып отыр.

Бас мүфти жамағатпен оқылатын намаздардың мерзімі алдағы уақытта қосымша хабарланатынын жеткізді.

Осы ретте басқарма төрағасы мешітке келетін жамағаттан мына талаптарды орындауға шақырды: 

  • мешітке медициналық маска және қолғап киіп келу;
  • антисептикті жиі қолдану;
  • жеке құлшылық жасау кезінде бір жарым метр арақашықтықты сақтау;
  • Құран оқитын бөлмеге 1,5 метр арақашықтықты сақтай отырып, он адамнан артық кірмеу;
  • неке қидыратын бөлмеге төрт адамнан артық кірмеу.

"Мешіт имамдарының кеңесіне құлақ асып, мешітке кезекпен кіруге, мешітте 15 минуттан артық болмауға үндейміз. Бұл мешіт ауасын әр үш сағат сайын таза ауамен алмастырып отыруға мүмкіндік береді", - деді ол.

Жаңалықтар
0