Қоғам

Шымкентте қоғамдық резонанс туғызған іске байланысты сот басталды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуНаручники на двери клетки для подсудимых
Наручники на двери клетки для подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери қоймадағы жарылыстарға байланысты резонанс тудырған іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Бір жарым мыңнан астам адам зардап шеккен

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Мамырдың 14-і күні Шымкентте Арыстағы жарылыстарға байланысты сот процесі басталды. 16 адам сот алдына келді, бәрі - әскери. Бұған дейін жоғары лауазымда болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

№ 44859 әскери бөлімінің командирі мен оның артиллериялық оқ-дәрі орналасқан қоймаға жетекшілік еткен орынбасары бар. Екі офицерге қатысты қылмыстық кодекстің "Жарылғыш заттарды қолдану ережелерін бұзу" және "Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелу" бабы бойынша іс қозғалған.

Жалпы іс 400 томнан асады. Бір жарым мыңнан астам адам зардап шеккен.

Арыстағы жарылыстар

2019 жылдың 24 маусымында таңғы сағат 10 шамасында Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты: екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала. Жарылыстан зардап шеккен бала санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Ал 11 қазанда Арыс маңындағы полигонда оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери бөлім инженерлік қызметінің басшысы көз жұмды.

Қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты Қарулы күштер жүйесінен шығарып жіберді. Бұған қоса, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады.

Жаңалықтар
0