16:59 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (838)
1038 0 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бесуақыт намаз, жұма намазы, тарауих намазы әзірге мешітте оқылмайтынын мәлімдеді

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. 18 мамырдан бастап қазақстандықтарға мешітке кіруге рұқсат беріледі. Алайда мұсылмандарға Қадыр түнін үйде қарсы алу ұсынылды.

18 мамырдан бастап елдегі мешіттер барлық санитарлық норманы сақтай отырып ашылады. Жалпы алаңның 30%-ін толтыруға рұқсат берілген.

"Біздің имамдар күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Келушілерді кезең-кезеңмен кіргіземіз. Мысалы, Құран оқуға арналған бөлмеде бір мезгілде оннан артық адам болмауы керек. Жалпы залға имамдар адамдарды топ-тобымен кіргізетін болады",- деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Мешіттердің есігі жеке дұға жасау үшін, Құран оқу және діни неке рәсімін өткізу үшін ашылады.

"Жыл сайын Қадір түнінде мешітте адам көп жиналады. Ал биыл Қадір түнін үйде өткізуді ұсынамыз", - деді ҚМДБ.

Қадір түні мамырдың 19-нан 20-сына қараған түні кіреді.

Жамағат намазы: бесуақыт намаз, жұма намазы, тарауих намазы әзірге мешітте оқылмайды, деп нақтылады діни басқарма.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар 18 мамырдан бастап мешітке бара алады 

Мешіттегі неке қию рәсіміне шариғатқа сәйкес, жас жұбайлармен бірге куәгерлері ғана қатыса алады.

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешітке кіреберісте орнатылған антисептиктерді пайдаланып, бетперде мен медициналық қолғап кию қажет екенін айтты.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (838)

Тақырып бойынша

Онлайн-ауызашар: карантин кезінде мешіттер қалай жұмыс істеп жатыр - видео
"Суды көбірек ішу керек": бас санитар ораза ұстайтындарды сақтандырды
Ораза кезінде антисептик қолдануға бола ма – мүфтият жауабы
Имам ораза ұстауға мүмкіндігі жоқ адамдарға кеңес берді
Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік салынған 1000 сөмке таратылды
Кілт сөздер:
мешіт, Қадір түні
Загрузка...

Басты тақырып