Қоғам

Неге ЕАЭО елдерінде COVID-19 індетінің симптомсыз түрі жиі анықталып жатыр?

© Sputnik / Тимур БатыршинФлаги стран ЕАЭС
Флаги стран ЕАЭС - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЕАЭО елдері одақ аумағында коронавирус пен өзге де жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау бойынша кешенді жоспар қабылдайды   

АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде COVID-19 індетінің симптомсыз жағдайы көп анықталып жатыр. Ал Роспотребнадзор мұны тестің көп жүргізілуімен байланыстыра түсіндірді. Мысал ретінде миллион адамға шаққанда Қазақстанда 20 мың, Ресейде 40 мың, Беларусьта 28 мың зерттеу жүргізілді.

Еуразиялық экономикалық одақ елдері халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі уәкілетті органдар басшыларының кеңесінде қазіргі эпидемиологиялық жағдай, коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі шаралар және шектеу режимінен шығу төңірегіндегі іс-қимыл талқыланды.

Отырыс 12 мамырда видеоконференция режимінде Ресейдің бас санитар дәрігері Анна Попованың төрағалығымен өтті. ЕАЭО елдерінің өкілдерінен басқа, жиынға Өзбекстанның өкілі де қатысты. Бұл ел жақында ғана ЕАЭО жанындағы бақылаушы болуға ниет білдірді.

Отырысқа қатысушылар Ресейде және басқа да елдерде COVID-19 індетінің симптомсыз түрімен ауырып жатқандардың көп екенін атап өтті.

"Бұл дерек одақ елдерінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерінің жақсы жұмысы мен халықты коронавирус тестілеуімен қамту шараларының артқанымен байланысты", -делінген хабарламада.

Мысал ретінде Армения мен Қырғызстанда миллион халыққа 10 мың зерттеу жүргізілді, Қазақстанда – 20 мыңға жуық, Беларусьта 28 мың, Ресейде 5,8 миллионнан астам зерттеу жүргізілді.

Отырысқа қатысушылар Одақпен Өзбекстан елдеріндегі шектеу шараларын алып тастау жөніндегі іс-шараларды да талқылады.

"Жалпы алғанда эпидемиологиялық жағдайдың кезеңділігі, саралануы және үнемі бағалану бойынша тәсілдердің ұқсастығы байқалады", - деп атап өтті Роспотребнадзор.

Отырыста сондай-ақ, ЕАЭО аумағында жаңа коронавирус пен басқа да жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау бойынша кешенді жоспарды қабылдауға дайындық қаралды.

Кей ел COVID-19 тест-жүйелері мен халықты тестілеуден өткізу процесі үзілмеуі үшін, сондай-ақ, реагенттерді ұсынуға қосымша көмек көрсетуі үшін Ресей Федерациясына жүгінді.

Іс-шара соңында қатысушылар тағы да ЕАЭО аумағында бірыңғай эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кездесулерді тұрақты түрде өткізудің маңызды зор екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0