Қоғам

Үкімет дәмхана мен мейрамханалар қай кезде ашылатынын айтты 

© Photo : Arnau Модный интерьер ресторана Arnau отличается национальными мотивами, уютом и великолепием обстановки
Модный интерьер ресторана Arnau отличается национальными мотивами, уютом и великолепием обстановки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет басшысының орынбасары ойын-сауық орталықтарына қойылатын талаптарды да түсіндірді. Ондай нысандарды ашу үшін науқастардың күнделікті өсімі 2 проценттен аспауы шарт

НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин жағдайында мейрамханалар мен дәмханаларды ашу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде тамақтану орындары тапсырысты жеткізіп беру бойынша жұмыс істеп жатыр. Түнгі сағат 22:00-ге дейін уақыт белгіленген болатын. Осы тәртіп әзірше қалады. Алайда бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Оны ары қарай қарастырамыз. Нақты талаптар орындалғанда рұқсат беріледі. Кішкене уақыт керек", - деді Тоғжанов бүгінгі онлайн брифингте. 

Оның айуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабы бойынша науқастардың саны азаюы қажет. Ал күнделікті өсім тұрақты болуы шарт. 

"Қазір біз 3,9 процентке келіп отырмыз. Соның өзі бірқалыпты жағдайға келуі керек. Ал бірқалыпты жағдай дегеніміз, ондай көрсеткіш бір күн емес, екі күн емес, мысалы, бір апта бойы ұстап тұруымыз қажет. Егер осындай деңгейде ұстайтын болсақ, немесе, ары қарай төмендетуге мүмкіндік болса, онда болашақта мейрамханаларды ашуға рұқсат беруге болады деп ойлаймыз", - дейді Тоғжанов.

Үкімет басшысының орынбасары ойын-сауық орталықтарына қойылатын талаптарды да түсіндірді. Ондай нысандарды ашу үшін науқастардың күнделікті өсімі 2 проценттен аспауы шарт. 

Тағы оқыңыз: Тоқаев: Карантин өңірлерде біртіндеп алынады

"Егер осы деңгейге жететін болса, ойын-сауық орталықтарын да ашуға толықтай мүмкіндік бар деп ойлаймыз. Бірақ оның өзінде де екі кезеңмен ашатын шығармыз. Себебі кинотеатрлар бар, балалар ойнайтын алаңдар бар. Ондай орындарға қатысты уақытша тыйым болатын шығар", - деп атап көрсетті Тоғжанов.

Жаңалықтар
0