Қоғам

Қазақстандықтар карантин кезінде Отан қорғаушы күнін қалай атап өтеді

© SputnikАстанадағы әскери парад, архивтегі сурет
Астанадағы әскери парад, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осыдан 28 жыл бұрын тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның Қарулы күштері құрылды

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Биыл қазақстандықтар төтенше жағдайға байланысты Отан қорғаушы күнін үйде атап өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Отан қорғаушы күні – еліміздің Қарулы күштерінің құрылған күні.

1992 жылы 7 мамырда мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстанның қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Сол жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның Қарулы күштері құрылды, ол құрлық әскерлері, әуе қорғанысы күштері және әскери-теңіз күштері бас штабтарымен үш түрлі құрылыммен қайта құрылды. Аэроұтқыр күштер жоғарғы бас қолбасшының резерві рөлін атқарады. Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы – ел президенті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Мәсімов пен тағы бірқатар шенеунікке әскери және арнаулы атақ берді

Ұлттық армия, әскери-әуе күштерін және әскери-теңіз флотын құру – егемен Қазақстан шежіресіндегі маңызды белестің бірі. Еліміз алғашқы әскери бөлімдерді қалыптастырудан бастап, ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздіктің қазіргі заманауи жүйесіне дейінгі үлкен жолды жүріп өтті.

2012 жылы Елбасының бұйрығымен 7 мамыр қатардағы дата ретінде елеусіз қалмай, мемлекеттік мәртебеге ие болды.

Мереке қарсаңында кімдер марапатталды

Жылдағы дәстүр бойынша мейрам қарсаңында республика президенті ерен еңбегімен ерекшеленген үздіктерді марапаттайды.

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқару кезінде, адам өмiрiн сақтап қалу үшін батылдық пен жанқиярлық көрсеткен,  сондай-ақ, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауға елеулі үлес қосқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары табысталды.

Тағы оқыңыз: Назарбаев 7 мамыр күнімен құттықтауды ұмытып кететін әйелдер туралы әзілдеді

Барлығы 45 адам ордендермен, 53 адам медальдармен және 3 адам Қазақстанның Құрмет грамоталарымен наградталды.

Толық тізіммен мына сілтеме арқылы өтіп танысуға болады.

Әскери парадтың орнына онлайн концерт

Биыл елордада Жеңістің 75 жылдығына орай әскери парад жоспарланған еді. Алайда елімізде тараған коронавирус індетіне байланысты президент шеруді өткізбеу туралы шешім қабылдады.  

Десе де үйде отырып та Отан қорғаушы күнін мерекелік көңіл-күймен атап өтуге болады. Бұл үшін қазақстандық әртістер онлайн концерт ұйымдастырды.

Бүгін, 7 мамыр сағат 16.00-де "Астана Опера" театры Отан қорғаушы күніне дайындаған мерекелік концерт береді. Трансляция Tengrinews TV-де.

Ал кешкі сағат 21.00-де Қарулы күштер ұлттық әскери-патриоттық орталығы орталық ансамблінің онлайн концертін тамашалауға болады. Трансляция "Қазақтелеком" АҚ-ның Youtube-каналында.

Жаңалықтар
0