03:38 04 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (881)
24002 0 0

42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақы екінші рет бірінші төлемді 11 сәуірге дейін алған азаматтарға ғана беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Егер елімізде төтенше жағдай режимі ұзартылмаса, екінші әлеуметтік төлем қазақстандықтардың шотына 11 мамырға дейін түседі.

"Төлем бір рет тағайындалады және төтенше жағдай кезінде ай сайын төленеді. Мәселен, бірінші төлемді 6 сәуірде алса, екіншісі 6 мамырда түседі. Егер адамдар бірінші төлемді 20 сәуірде алса, екіншісі 20 мамырда, төтенше жағдай режимі ұзартылған жағдайда ғана төленеді", - деп нақтылады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Министрліктің ақпаратынша, наурызда өтініш берген азаматтар сәуірде екінші төлемін алған.

5 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан  4 миллион 478 мың әлеуметтік төлем тағайындалды.

Тағы оқыңыз: Министрлік 42 500 теңгенің жіберілгенін қалай тескеруге болатынын түсіндірді

"Оның ішінде алғашқы айда – 3 миллион 734 мың, екінші айда – 744 мың", - деп мәлімдеді ведомстводан.

5 мамырдағы жағдай бойынша 42 500 теңге алуға 8 миллион 32 мың азамат өтініш берген.

Өтініштердің ең көбі Алматы облысынан – 1,4 миллион, Түркістан облысынан – бір миллион, Алматыдан – 897,2 мың, Нұр-Сұлтаннан – 595 мың, Шымкенттен 535 мың түсті.

Әлеуметтік төлем мына санаттағы адамдарға беріледі:

  • жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері;
  • карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері;
  • жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын азаматтар;
  • Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші жеке тұлғалар;
  • қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін, салық агенттері міндетті зейнетақы жарналарын төлеген азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғалар;
  • жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлері.
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (881)

Тақырып бойынша

Қазақстандықтар мамыр айында да 42 500 теңге алады – президент
Табысынан айырылған екі жүз мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Қанша қазақстандық 42 500 теңгені қайтарып бергені белгілі болды
42 500 теңге бір айға жете ме? Нұр-Сұлтан тұрғындары жауап берді - видео
Министр "халық аштан өледі" деген әншіге 42 500 теңгеге құжат тапсыруды ұсынды
42 500 теңге: министрлік әлеуметтік төлем алғандар саны көп үш өңірді атады
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, әлеуметтік төлем
Загрузка...

Басты тақырып