Қоғам

Нұр-Сұлтанда тегін білім беретін жеке мектеп ашылады

© Sputnik / Юрий Стрелец / Медиабанкке өтуШкольник на уроке, архивное фото
Школьник на уроке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Инвесторлар құрылысқа 3 миллиард теңге бағыттайды. Елорда әкімдігі мектеп астана меншігіне берілетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Елордада Бахрейн елінің инвесторларының есебінен жеке мектеп салынады.

"Бахрейн елінің кәсіпкерлері мектеп құрылысына 3,3 миллиард теңге бағыттайды. Жаңа оқу орнының арқасында қазіргі уақытта үш ауысыммен оқитын №72 мектептің мәселесі шешіледі. Бұл оқу орнында 3,5 мың оқушы оқиды", - деп жазылған астаналық әкімдік сайтында.

Елорда әкімдігі мектеп астананың коммуналдық меншігіне берілетінін айтты. Оқу тегін болады. Құрылысты 2021 жылы аяқтау жоспарланған.

Сондай-ақ, әкімдіктің ақпаратына сәйкес, 2020 жылы елордада 12 мемлекеттік мектеп салу жоспарланып отыр. 2021 жылы тағы 12 оқу орны бой көтереді.

Осылайша, үш ауысымда оқитын мектептер мәселесі шешілмек. 

"Мектептердің құрылысы сапалы болуы үшін санитарлық нормалар мен ережелерді қатаң сақтау керек. Мұнымен қоса, аумақты абаттандыру қажет", - деді құрылыс алаңдарына барған астана әкімі Алтай Көлгінов.

Бес жылда елордада 60 мың оқушыға арналған 50 мемлекеттік мектеп салынады (10-ы қазіргі мектептердің аумағында). Мұның арқасында екі ауысымда оқитын 120 мың оқушы орны құрылады.

Жаңалықтар
0