Қоғам

Тоқаев төтенше жағдайды ұзарту туралы жарлыққа қол қойды

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметке орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды ұзарту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда. 

"Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылдың 11 мамырдағы 00 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын", - деп жазылған құжатта. 

Үкіметке орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетсек, 16 наурызда Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Кейін мамырдың біріне дейін ұзартылды.

27 сәуір күні Ақорда сайтында президенттің үндеуі жарияланды. Ол төтенше жағдай режимі 11 мамырда алынуы мүмкін екенін хабарлады.

Тағы оқыңыз: Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты 

Елде шектеу шаралары сақталып отыр. Алайда карантин режимі біраз жеңілдетілді. 3 105 адамда коронавирус расталды. 798 адам айықты, 25 қазақстандық көз жұмды.

Жаңалықтар
0