Қоғам

Көптеген дәрігер коронавирустың жоғары жұққыштығын жете бағаламады – вице-министр  

© AFP 2024 / DIRK WAEMСотрудник лаборатории проводит исследование пробы на коронавирус
Сотрудник лаборатории проводит исследование пробы на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Людмила Бюрабекова медицина қызметкерлері жұмыстан тыс уақытта ауырып қалып, инфекцияны медицина мекемелеріне алып келгенін, мұндай бірнеше ошақ табылғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Facebook-тегі парақшасында коронавирусқа шалдыққан дәрігерлер туралы жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Бүгінгі таңда республикада 820 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.     

"Науқастарды күтіп, емдеуге жұмылдырылмаған денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің арасында індетті жұқтырғандар көбейіп кеткенін атап өту керек. Бүгінгі күні олардың саны 473 адамға жетті (66,2%). Қызметтік тергеу аяқталып қалды", - деп жазды вице-министр.

Сондай-ақ, оның айтуынша, медицина қызметкерлері жұмыстан тыс уақытта ауырып қалып, инфекцияны медицина мекемелеріне алып келгені анықталған, мұндай бірнеше ошақ табылған.  

"Тұтастай алғанда медицина қызметкерлері арасындағы ауру-сырқаудың талдауы біздің көптеген қызметкеріміз коронавирустың жоғары жұққыштығын жете бағаламағанын көрсетті", - деп жазды Бюрабекова.

Ол сонымен қатар министрлік медицина қызметкерлерін профилактикалық скринингтік тестілеуден өткізуге шешім қабылдағанын атап өтті. 10 сәуірден бастап 22 мыңнан астам (жоспардың 69 пайызы) қызметкерден тест алынды.

"Бастығыңыз біледі, төменге түсіңіз деді" – карантинге жатқызылған еріктілердің әңгімесі

"Қорытындылай келе, біздің медициналық қызметкерлерімізге тағы да сөз арнаймын. Біз жер-жерде проблемалар бар екенін түсінеміз және әрбір жағдай біздің бақылауымызда болады. Сондықтан инфекцияны жұқтырудың әр жағдайына қатысты тиісті қорытынды жасалып, шаралар қабылданады", - деп түйіндеді вице-министр.

Жаңалықтар
0