Қоғам

"Туыстары түсінгісі келмейді": Өзіне қол салған адамнан вирус табылды

© AFP 2024 / STEPHANE DE SAKUTINАрхивное фото морга
Архивное фото морга - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордалық дәрігерлер анықтамаға өзіне қол жұмсағанын жазып, мәйітті туыстарының қолына бере салған. Алайда іле-шала вирус жұқтырды деген сараптама қорытындысы жеткен

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Өзіне қол жұмсаған адам вирус жұқтырған болып шықты.

Түркістан қаласынан хабарласқан тұрғын Нұр-Сұлтанда тұрып жатқан бауыры өзіне қол жұмсап қайтыс болғанын айтады. Алайда  бауырының денесін күтіп отырғанда, жергілікті әкімдіктен келгендер марқұм короновирус жұқтырғанын жеткізген, деп хабарлады КТК.

Шенеуніктердің сөзінше, марқұмды мәйітханада тексергенде СОVID-19 вирусы анықталған. Ал елордалық дәрігерлер анықтамаға өзіне қол жұмсағанын анық жазып беріпті. Сондықтан мәйітті де туыстарының қолына бере салған.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер 97 жастағы науқастың коронавирустан қайтыс болмағанын айтты 

Вирус жұқтырды деген сараптама қорытындысы Түркістан облысына мәйіттен кейін ілі-шала жеткен. Ауруға қатысты нақты қорытындыны білмей тұрып, мәйітті неге туыстарына бергенін Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасы әзірге түсіндірген жоқ. Ал мәйітті алып келген үш адам енді карантинге жатуы тиіс.

"Короновирус жұқтырғаны мәйітханада анықталған. Бізге арнайы хабарлады. Мемлекеттік сараптаманың хатын алдық. Жұмыстан қалып, бекерден-бекер әуре болып жүрмейміз ғой. Түске дейін облыстық СЭС мамандары, имамдармен бірге түсіндіру жұмысын жүргіздік. Жұрт түсінгісі келмейді. Анасы, туыстары бар", - дейді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев.  

Жаңалықтар
0