Қоғам

Дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына кінәлі басшылар жауапкершілікке тартылады

© Sputnik / Абзал КалиевВрач берет кровь для анализа на коронавирус
Врач берет кровь для анализа на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент қауіпсіздік шаралары қатаң сақталмаса, індеттің жаңа ошақтары пайда болуы мүмкін екенін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда індетке шалдыққан медицина қызметкерлерінің мәселесін қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқи отырыңыз: Тоқаев коронавирусқа қатысты үкіметке шұғыл тапсырма берді 

Президент вирус жұқтырған ақхалаттылардың мәселесін жіті зерттеп, басшылардың жауапкершілігін қарауды тапсырды.

"Өкінішке қарай, кейбір аймақтарда, әсіресе, Алматыда вирус жұқтырған дәрігерлер және медицина қызметкерлері өте көп. Сондықтан, солардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдануда. Мәселенің анық-қанығын зерттеп, бұған жол берген басшылардың жауапкершілігін қарау керек. Мұндай жағдайларға жол бермеу қажет", - деді Тоқаев өз мәлімдемесінде.

Президент қауіпсіздік шаралары қатаң сақталмаса, індеттің жаңа ошақтары пайда болуы мүмкін екенін ескертті.

"Пандемияның екінші кезеңі басталып кетуі де ықтимал. Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар", - деді мемлекет басшысы.

Бұған дейін Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухананың медицина қызметкерлері жаппай коронавирус жұқтырған еді.

Жаңалықтар
0