Қоғам

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

© AFP 2024 / MAURO PIMENTELСотрудник лаборатории проводит исследование проб на коронавирус
Сотрудник лаборатории проводит исследование проб на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирустан көз жұмғандар саны 26 адамға жеткенін хабарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам көз жұмды.

Алматы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, 97 жастағы науқас қайтыс болған.

Бұл Қазақстанда коронавирустан көз жұмған 26-шы жағдай. 

Еске сала кетсек, 26 сәуірдегі мәліметке сәйкес, елде 2 660 адам Covid-19 жұқтырған, 677-сі жазылып шықты. 

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 16 наурызда төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 1 мамырға дейін ұзартылды. Келесі аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасайды. Мемлекет басшысы елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты жаңа шешімді жариялайды.  

Елдегі өңірлер мен қалалар карантинге жабылды, қозғалысқа шектеу енгізілді.

Тағы оқыңыз: Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты

Жаңалықтар
0