12:54 19 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.37
  • EUR492.66
  • RUB5.97
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1346810

Іс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілген

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы ұтыс ойынын ұйымдастырып, ұсталған әнші Ернар Айдардың әрекетіне қатысты Мейрамбек Бесбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өзі Ернармен тікелей сөйлесіп, мән-жайды анықтағанын жеткізген Бесбаев толық ақпарат беру мақсатында желіде арнайы жазба жариялады.

"Қазір оның телефоны бұғаттаулы. Себебі алаяқтар ұсталып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл жағымсыз жағдайда алданған азаматтармен қатар, Ернар бауырымыз да алаяқтардың құрбаны болып отыр", – деп жазды ол.

Бесбаевтың мәлімдеуінше, Ернар Айдар тергеу жұмыстарының әділ жүруі үшін жан-жақты ақпарат беріп, құқық қорғаушыларға барынша көмектесіп жатыр. Сондай-ақ, әнші әріптестерінен жеңіл табысқа құмартпауын сұрады.

"Қазақта "жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ" деген сөз бар. Өнер адамының аңқылдақ ақкөңілдігі кейде осылай өзін жарға жығып жатады. Ол үшін сүйікті ұлдарыңызды қатты сөге көрмеңіздер. Өздеріңіз білесіздер, әнші ұлдарыңыз алдарыңызда талай өнер көрсетіп, қаншама қайырымдылық шаралардың бел ортасында жүрді. Әлі де сіздер үшін қызмет жасап, көңілдеріңізді көтереді. Ернар тап болған бұл жағдайға түспес үшін, мен барша әріптестеріме мұндай жеңіл табысқа құмартпауын ескерткім келеді. Осындай келеңсіз жағдайға түсіп қалған Ернар ініме сабыр тілеп, барша ағайынға Ораза айында кешірімді болуын сұраймын", – деп жазды Бесбаев Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, 24 сәуір күні әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзғаны үшін ұсталғаны polisia.kz сайтында жарияланды.

"Ұстау шарасын экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жүргізді. Полиция қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға құзырлы. Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

Оқи отырыңыз: Адамдар аштықтан өледі": Танымал әнші Тоқаевқа видео үндеу жолдады

Қолданыстағы заңда төтенше және карантиндік режимді бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады және ондай әрекет үшін 10 АЕК (26 510 теңге) айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Тақырып бойынша

Танымал әнші COVID-19 індетіне қарсы күреске миллион доллар берді
Мейрамбек Бесбаев депутат Балиевамен қандай мәмілеге келгенін айтып берді
"Сыйластығымыз үзілмесін". Ернар Айдар Роза Қуанышқызымен татуласты
Танымал қазақстандық әнші төтенше жағдайға байланысты әскерге шақырылды – видео
Мейрамбек Бесбаев карантин қазақ халқын қалай өзгертетінін айтты
Кілт сөздер:
Мейрамбек Бесбаев, Ернар Айдар, әнші, карантин
Загрузка...

Басты тақырып