Қоғам

Екі жүз отыз үш мың астаналықтың 42 500 теңгеге өтініші мақұлданбаған

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне с деньгами
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрмысы төмен отбасыларға көмек аясында 30 мыңнан аса азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық жинақ алу үшін қосымша төлем төленген

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 594 мың азамат төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылуына байланысты 42 500 теңгеге өтініш берді. Алайда оның тек 240 мыңы ғана мақұлданған. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

42 500 теңгені мемлекетке қайтарып бергендер екінші рет өтініш бере ала ма? 

"24 сәуірдегі жағдай бойынша 42 500 теңге әлеуметтік төлемді 240 мың азамат алды. Жалпы, жәрдемақы алуға барлығы 594 мыңнан аса тұрғыннан өтініш келіп түсті. Оның 233 мыңы мақұлданған жоқ", - деді Мәкен онлайн брифингте.

Айтуынша, қала билігі әлеуметтік төлемнің арқасында 16 мың адамның мәртебесін анықтаған.

"Біз бұған дейін отыз бес мың адамның мәртебесін анықтай алмай жүрдік. Олар елордада тіркелгенмен, ешбір қызметте жоқ еді. Бүгінде соның 16 мыңнан астамын анықтадық", - деді ол.

Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларға көмек аясында 30 мыңнан аса азаматқа азық-түлік пен тұрмыстық жинақ алу үшін қосымша төлем төленген.

"Біз біргеміз" акциясы аясында 19-23 сәуір аралығында 4478 отбасыға 50 мың теңгеден берілді.

Мәкен табысы аз отбасыларға материалдық көмек көрсетудің екінші толқыны басталатынын еске салды. Соның аясында тағы 20 мыңнан аса тұрғынға қолдау көрсетіледі.

 

Жаңалықтар
0