11:50 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1653)
158 0 0

Медициналық бұйымдарды Қытайдың бірқатар провинциясы, мемлекеттік органдары мен компаниялары жөнелткен

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанға Үрімшіден арнайы ұшақпен гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Медициналық жүкті 24 сәуірде Қазақстан қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы жеткізді. Оны Қытайдың бірқатар провинциясы, мемлекеттік органдары мен компаниялары жөнелткен.

Нұр-Сұлтанға Үрімшіден арнайы ұшақпен гуманитарлық көмек жеткізілді
© Photo : ҚР сыртқы істер министрлігі
Нұр-Сұлтанға Үрімшіден арнайы ұшақпен гуманитарлық көмек жеткізілді

Медициналық жүк маска (131500 дана), қолғап (10900 дана), термометр (100 дана) және арнайы қорғаныш киімдерінен (720 дана) тұрады.

"Бұл гуманитарлық көмек Қазақстан мен Қытай халықтарының берік достығының анық айғағы", -делінген хабарламада. 

Гуманитарлық жүкті бірыңғай дистрибьютор –  "СК-Фармация" ЖШС қабылдап алды. Компания оны әрі қарай мемлекеттік органдар мен мекемелерге таратады.

Бұған дейін Қытайдан Өскеменге де медициналық жүк жеткізілген болатын. Оның ішінде 100 мың экспресс-тест, 18 мың қорғаныш костюмі, 80 мың  респиратор, он мың медициналық маска, он мың көзілдірік бар.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1653)

Тақырып бойынша

Қытайдан келген дәрігерлер елордалық әріптестерінің жұмысын бағалады
Қазақстанға Қытайдан бірнеше дәрігер келді
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, Қытай, гуманитарлық көмек
Загрузка...

Басты тақырып