Қоғам

Елорда іргесіндегі елді мекен тұрғындарының шыдамы таусылып, көшеге шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинПешеход идет в тумане в Алматы
Пешеход идет в тумане в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лесная поляна елді мекенінде жексенбіден бері жарық жоқ. Тұрғындар түнде көшеге шығып, наразылық танытты

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтан іргесіндегі Лесная поляна елді мекені 4 күн бойы жарықсыз отыр.

Шыдамы шегіне жеткен тұрғындар түнде көшеге шығып, наразылық танытты, деп хабарлайды "Хабар 24".

Айтуларынша, коммуналдық төлемдер уақытында жасалады. Бірақ электр жарығына қатысты мәселе түбегейлі шешілмеген. Ал жергілікті пәтер иелері кооперативі кабельдік желі істен шыққанын алға тартады. Сондықтан олқылықты жоюға шамалары жетпейді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Қосшы ауылындағы ауыз су мәселесін тез арада шешуді тапсырды

Журналистер Целиноград ауданындағы жауапты мамандарға хабарласып көрді. Бірақ тұщымды жауап болмады. Ал жергілікті тұрғынның айтуынша, жарық алғаш рет жексенбі күні өшкен. Одан кейін тек түнгі үште жаныпты. Одан кейінгі күндері жағдай қайталанып тұрған.

Жаңалықтар
0