Қоғам

"Адамдар аштықтан өледі": Танымал әнші Тоқаевқа видео үндеу жолдады

© Photo : әлеуметтік желіден алындыБүркіт пен Аиша үшінші сәбиін күтіп жүр
Бүркіт пен Аиша үшінші сәбиін күтіп жүр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әнші президенттен карантин режимін бәсеңсітіп, көптеген компания мен мекеменің жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік беруін сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. "Бүркіт" деген лақап атты иеленген танымал әнші Айбек Сейітов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқи отырыңыз: Бүркіт Қордайдағы қақтығыстан кейін қамауға алынғандарды босатуды талап етті

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізге Қазақстан азаматтарының атынан үндеу жолдаймын. Елімізде карантин енгізілген бір айдан астам уақыт ішінде медициналық қызметтер адамнан вирусты анықтай алатын жағдайға жеткен болса керек. Біз қаланың әртүрлі ауданына барып, тұрғындарға азық-түлік алып беріп жатырмыз. Алайда, өкінішке қарай, бәріне көмектесе алмаймыз. Біз тұрмысы төмен отбасылардағы жағдайды көріп отырмыз, өте аянышты халде", - дейді Айбек Сейітов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aibek Janseitov (@berkut_qazaqstan_)

Ол такси жүргізушілер, еден жуушылар, даяшылар, базар жұмысшылары мен күнделікті нәпақасын айырып жүрген басқа да адамдар өте қиын жағдайда қалғанын атап өтті.

"Осыған байланысты Сізден карантин режимін бәсеңсітіп, көптеген компания мен мекеменің жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік беруіңізді сұраймын. Әрине, санитарлық шаралар сақталуы тиіс", - деп толықтырды әнші.

Оның айтуынша, бұл азаматтардың жағдайын жақсартады.

"Әйтпесе, жақында адамдар коронавирустан емес, аштықтан өледі. Бұл бейбіт заманда әлдеқайда қорқынышты. Осыны назарға алуыңызды сұраймын. Сізге мықты денсаулық және амандық тілеймін!", - деп түйіндеді "Бүркіт".    

Жаңалықтар
0