Қоғам

Ресей Қазақстанға коронавирусты анықтауға арналған реагенттер жіберді

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуПрием биоматериалов для проведения диагностики на инфекцию COVID-19
Прием биоматериалов для проведения диагностики на инфекцию COVID-19 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейден Қазақстанға COVID-19 тестеріне арналған 38 мыңнан астам реагент жөнелтілді. Жазға дейін тағы қосымша диагностикалық жиынтықтар жіберіледі

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Ресей Қазақстанға коронавирусты анықтауға арналған реагенттердің үшінші партиясын жөнелтті.

Препараттар барлық қауіпсіздік шарасы сақтала отырып жеткізіледі, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.

"Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің өтініші бойынша Қазақстанның Ресейдегі елшілігі коронавирусты тексеру өндірісі үшін елге 38 мың реагент жіберді. Дәрі-дәрмектер санитарлық қауіпсіздік ережелері мен тасымалдау ережелерін сақтай отырып, Қазақстанға автобуспен жеткізіледі", - деп жазылған дипломатиялық өкілдіктің сайтында.

Бұл Қазақстан елшілігінің көмегімен жіберілген реагенттердің үшінші партиясы.

Бұған дейін Ресей қазақстандық тарапқа коронавирус диагностикасына арналған 40 тест жиынтығын және зерттеуге арналған 100 жиынтық жіберді.

Оқи отырыңыз: Әзірге вирустың шарықтау шегінде тұрмыз – Біртанов 

Маусым айына дейін Қазақстанға диагностикаға арналған тағы 100 жиынтық және 1250 реагент жиынтығын тапсыру жоспарланып отыр.

Қазақстанда коронавирус инфекциясын 1977 адам жұқтырды, 489 адам жазылды, 19 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0