Қоғам

Арман Шораев қолхатпен босатылды

© Sputnik / Владислав ВодневАрман Шораев
Арман Шораев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Адвокат Джохар Утебеков қоғам белсендісін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен шығарғанын, іс әлі аяқталмағанын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Президент жанындағы ұлттық қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі, қоғам белсендісі Арман Шораевты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатты. Бұл ақпаратты оның адвокаты Джохар Утебеков растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, Арманды ешқайда кетпеу туралы қолхатпен шығарды. Қамауға алған жоқ. Іс әлі аяқталмады", - деді Утебеков Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, өткен жұма, 18 сәуір күні Арман Шораев ұсталған болатын. Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, оның ұсталуына Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-тармағында (төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс негіз болған. Шораев әлеуметтік желілер арқылы бірнеше рет шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан.

Оқи отырыңыз: Арман Шораевтың қарындасы бейнеүндеу жасады

Өз әрекетімен Шораев төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, мемлекет пен қоғамның заңмен қорғалатын мүдделеріне едәуір нұқсан келтірді, деп мәлімдеді Алматы полициясы.

Арман Шораев Қарағанды қаласында ұсталып, Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына жеткізілген болатын.

Жаңалықтар
0