Қоғам

Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

© Sputnik / Владислав ВодневПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент ел халқы береке-бірліктің, парасат пен төзімнің арқасында кез-келген қиындықты абыроймен еңсеретініне сенетінін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Еліміздің православ қауымын қасиетті Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мейірімділік пен жанашырлыққа үндейтін бұл мейрам қастерлі құндылықтарды дәріптейді", - делінген құттықтауда.

Христиан дінінің игіліктері адамға ізгілік пен қайырымдылық дарытады. Пасха мейрамы рухани бірлікті, шынайы бауырластықты нығайтуға жол ашады, деп жалғастырды президент.

Тағы оқыңыз: Тоқаев карантин кезінде қандай кітаптар оқып жатқанын айтты

"Бүкіл әлем қауіпті індетпен күресіп жатқан қазіргідей кезеңде барлық дін өкілдері үшін рухтың беріктігі мен өзара ынтымақтастықтың маңызы зор. Халқымыз береке-бірліктің, парасат пен төзімнің арқасында кез-келген қиындықты абыроймен еңсереді деп сенемін", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы барша православ христиандарына және отандастарға мықты денсаулық, мол бақыт, толағай табыс тіледі.

Жаңалықтар
0