14:21 24 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (744)
1081 0 0

Қазақстан президент нысандарды күзету, көшедегі тәртіпті сақтау аса маңызды міндет екенін атап өтті  

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Коронавируспен күресте оң нәтижеге жету үшін карантин режимін міндетті түрде сақтау керек. Бұл туралы  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада әскери жиынға шақырылған әскери қызметшілермен кездесуі кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

 Қазақстан президенті Қарулы күштердің техникалық дайындығын және қала әкімдігінің төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын тексерді.

"Нысандарды күзету, көшедегі тәртіпті сақтау аса маңызды міндет екені түсінікті. Дегенмен, қазіргі жағдайда басты міндет – дезинфекция жасау. Бұл – өте қауіпті вирус. Сондықтан дезинфекция жасамаса, ешқандай оң нәтиже болмайды", – деді президент.

Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимінің барлық талабын бұлжытпай орындау қажет екенін айтты.

"Шағын бизнесті шығарамыз деп жатырмыз. Жалпы қаланың тұрғындары карантин режимін міндетті түрде сақтауы керек. Онсыз болмайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Тәуекелге барып отырмыз": Тоқаев кімдердің жұмысқа шығатынын айтты

Мемлекет басшысы әлеуметтік міндеттемелерді орындаудың және медицина қызметкерлеріне сыйақы төлеудің маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар жаңа жұқпалы аурулар емханасын салу мәселесіне арнайы тоқталды.

"Келесі аптада аталған емхананы барып көреміз. Бұл емхана өте қысқа мерзімде салынып жатыр. Оның құрылысы бар-жоғы екі аптаның ішінде бітуі керек. Ең алдымен, оның сапасына ерекше мән беру қажет", – деді президент.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (744)

Тақырып бойынша

Президент дәрігерлерге үстемеақы төленгеннен кейін шағым түскенін айтты
Тоқаев дәрігерлердің вирус жұқтырып алуының басты себебін атады
Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзартты
"Коронавирустан да жылдам таралуда": депутат кредит мәселесін қозғады
Тура бір ай: төтенше жағдай қазақстандықтардың өмірін қалай өзгертті
Кілт сөздер:
экология, Ертіс
Загрузка...

Басты тақырып