14:56 24 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD425.59
  • EUR505.43
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1795)
1172 0 0

Алматыда коронавирустан бір адам көз жұмды. Қазақстанда індет салдарынан қайтыс болғандар саны 17-ге жетті

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан он жетінші адам қайтыс болды, деп хабарлайды жедел штаб. 

"Коронавирус инфекциясынан Алматы қаласында 1 адам көз жұмды. Ол 1960 жылғы азамат", -делінген хабарламада.

Науқас 15 сәуірде қайтыс болған.

8 сәуірден бастап Орталық қалалық клиникалық ауруханасында провизорлық бөлімшеде жүрек-өкпе жеткіліксіздігі, кахексиясына (ағзаның әлсіреуі) байланысты ауыр халде емдеуде жатқан. Коронавирусқа алынған анализ оң нәтиже көрсетті.

Қазақстанда COVID-19 вирусынан көз жұмғандар саны 17 адамға жетті.

Соңғы дерек бойынша елде індетке шалдыққандардың жалпы саны - 1341 адам.

  • Алматы қаласы– 393
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 305
  • Қызылорда облысы – 131
  • Қарағанды облысы – 84
  • Ақмола облысы – 81
  • Атырау облысы – 70
  • Жамбыл облысы – 50
  • Түркістан облысы – 49
  • Шымкент – 43
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 29
  • Алматы облысы – 29
  • Батыс Қазақстан облысы – 25
  • Ақтөбе облысы – 14
  • Павлодар облысы – 13,
  • Маңғыстау облысы – 12,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8,
  • Қостанай облысы – 5.

240 адамның жазылып шыққаны хабарланды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1795)

Тақырып бойынша

Коронавирус жұқтырған 21 адам ауыр халде жатыр
Кілт сөздер:
коронавирус, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып