Қоғам

Коронавирусқа жаппай тест жасалады – кімдер тапсыруы тиіс?

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуКолбы с реагентами для экспресс-тестов на коронавирус
Колбы с реагентами для экспресс-тестов на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вице-министрдің айтуынша, коронавирусты жұқтыру қаупі бар топтарды жаппай тестілеуден өткізу арқылы нақты ошақтарды анықтап, індетті ауыздықтауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коранавиурсқа жаппай тестілеу өткізеді. Одан дәрігерлер ғана емес, азық-түлік дүкенінің сатушылары да өтеді,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Қамалжан Надыровтың айтуынша, бүгінде коронавирус жұқтырған әрбір бесінші адам – медицина қызметкері. Осыған байланысты министрлік медициналық мекемелердің сақтық шараларын тексеруге кірісті. 

"Кеше біз Алматы облысында Қарасай ауданының орталық ауруханасында болдық. Өкінішке қарай, ешқандай сақтық шаралары байқалмайды. Карантин енгізілді. Төтенше жағдай жарияланды. Соған қарамастан, ауруханада жатқан пациенттерге адам көп келед. Ондайға жол беруге болмайды", - дейді Надыров. 

Оның сөзіне қарағанда, елімізде аурухана мамандарын жаппай тестен өткізеді. Себебі олардың арасында коронавирустың жұқтыру көрсеткіші өсіп кетті.

"Әрине, статистика әлі де өседі. Өкінішке қарай, әріптестеріміздің арасында немесе пациенттердің ішінде коронавирусты жұқтырудың жаңа жағдайлары анықталуы мүмкін. Басқа жол жоқ. Барлық ошақтарды ауыздықтаймыз десек, барлық әріптесімізді жаппай тестілеуден өткізуіміз керек. Бұдан бөлек, блок-бекеттерде жүрген полицейлер және тағы басқа мамандар тест тапсырады. Сосын азық-түлік дүкендерінің қызметкерлері де бар", - деді Надыров. 

Вице-министрдің айтуынша, коронавирусты жұқтыру қаупі бар топтарды жаппай тестілеуден өткізу арқылы нақты ошақтарды анықтап, індетті ауыздықтауға болады. 

"Сонда ғана біз аурудың тізбегін үзе аламыз. Осыны ертерек істесек, қазіргі дағдарыстан тезірек шыға аламыз", - деп атап көрсетті Надыров.

 

Жаңалықтар
0