Қоғам

Дәрігерлер коронавирусқа екінші сынама қандай жағдайда алынатынын айтты

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуТест-система для определения антигена коронавируса
Тест-система для определения антигена коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандардың айтуынша, егер науқастың өкпесі қатты қабынып тұрса коронавирусқа екінші рет сынама алынады

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik.  Астанада екі жақты пневмониядан емделген 19 науқастың алғашқы сынамасы коронавирусты көрсеткен жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, осы уақытқа дейін астанада коронавирусты жұқтырған 260 адам анықталды. Ал соңғы екі күннің ішінде 29 науқас тіркелген.

"19 науқас стационарда жатқан пациенттер арасында анықталды. Олар бірнеше күн бойы екі жақты пневмония мен тыныс алу жетіспеушілігінен емделген. Бірінші сынама кезінде коронавирус инфекциясы расталмады. Сынама мұрын мен жұтқыншақтың артқы қабырғасынан алынған болатын", – деді Қисықова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, тәртіп бойынша науқастың өкпесі қатты қабынып тұрса, коронавирусқа екінші рет сынама алынады. Астаналық дәрігерлер солай істеді. Соның нәтижесінде 19 науқастың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан көз жұмған әйелге неге қате сынама жасалды – министр жауабы

"Бұдан бөлек, соңғы екі күнде тіркелген науқастардың жетеуі жақын араласқан адамдардың арасында анықталды. Олар – отбасы мүшелері мен әріптестері. Бұған дейін бәрін тексеріп, оқшаулаған болатын. Ал коронавирус инфекциясы расталғаннан кейін ауруханаға жатқызылды. Тағы үш адам мониторинг кезінде анықталды", – деп атап көрсетті Қисықова.

Жаңалықтар
0