Қоғам

Алматыда жұмыс істеуге тыйым салатын режим ұзартылды

© Sputnik / Тимур БатыршинОпустевшй Алматы - виды с беспилотника
Опустевшй Алматы - виды с беспилотника - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы күнге дейін рұқсат алған және мәліметтер базасына енген компаниялардың қызметкерлері қалада кедергісіз жүре алады

АЛМАТЫ, 13 cәуір –Sputnik. Алматыда жұмыс істеуге тыйым салатын режим 30 сәуірге дейін ұзартылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.   

Әкімдік жанындағы төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың шешімімен барлық кәсіпорын мен ұйымның жұмысы тоқтатылды.

"Қаланың өмірін қамтамасыз ететін ұйымдарға ғана рұқсат беріледі. Осы күнге дейін рұқсат алған және мәліметтер базасына енген компаниялар қалада кедергісіз жүре алады", -делінген ақпаратта.  

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 16 наурызда енгізілді, ол сәуір айының соңына дейін жалғасады. Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да бірқатар қалада адамдарға үйден шығуға қатаң тыйым салынды. Дүкенге, дәріханаға баруға және шұғыл медициналық көмек алуға рұқсат етілген.

Оқи отырыңыз: Алматыда полицейлер қоғамдық көліктің жолаушыларын тексеріп жатыр 

Сонымен қатар Алматыда 7 сәуірден бастап қала ішінде жүруге арналған құжаттар мен анықтамалардың күші жойылды. Қалада карантин кезінде жұмысын жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы құрылды. Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді.

Алматылықтар Е-Polisia KZ мобильді қосымшасы арқылы ЖСН және көліктің нөмірін теру арқылы қала ішінде жүруге рұқсат берілген-берілмегенін тексере алады.

 

Жаңалықтар
0