Қоғам

Алматыда қайтыс болған науқас туралы ақпарат шықты

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуПациент
Пациент - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Науқас ауру жұқтырғандармен байланыста болған, коронавирус инфекциясы 16 наурыз күні анықталғаны хабарланды

АЛМАТЫ, 10 cәуір – Sputnik. Алматыда коронавирустан қайтыс болған науқастың бірнеше созылмалы ауруы болған. Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

"9 сәуір сағат 23.50-де Алматыда коронавирустан бір адам қайтыс болды. Науқас ауру жұқтырғандармен байланыста болған, коронавирус 16 наурызда анықталды. Науқаста өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі мен жүректің ишемиялық ауруы, стенокардиясы, артериялық гипертензиясы болған. Соған байланысты ол 18 наурызда реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды", - деді Әбілдаев.

Сонымен қатар науқаста екіжақты полисегментті пневмонияның ауыр түрі, екіжақты плеврит, өкпенің ісінуі, Лайелла синдромы болған. 

"9 сәуірде созылмалы аурулары асқынып, сағат 23.20-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде жүргізілген реанимациялық іс-шаралар нәтиже бермеді, сағат 23.50-де қайтыс болды", - деді басқарма басшысы.

Бүгін, 10 сәуірде Алматы қаласында бір адамның коронавирустан көз жұмғаны туралы хабарланған болатын. Ол 1956 жылы туған әйел. Республикада індеттен қайтыс болғандар саны тоғыз адамға жетті.

Жаңалықтар
0