16:01 24 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD425.59
  • EUR505.43
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (703)
16114 0 0

Қазақстандықтар алдағы жұмадан бастап әлеуметтік көмек алуға қажетті шотты банкте бармастан, онлайн аша алады

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алуға қажетті шотты Kaspi.kz ұялы қосымшасында үйден шықпастан ашуға болады.

Төтенше жағдай мен карантинге байланысты берілетін көмекті алу үшін банкте шотыңыз болуы керек. Сондықтан банктерде ұзын-сонар кезек пайда болды. Көпшілік мұның қазіргі кезде қауіпті екенін білсе де, банк бөлімшесіне баруға мәжбүр, деп хабарлады КТК.

Оқи отырыңыз: 42 500-ге қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабы жарияланды 

Осыған орай Kaspi.kz компаниясы ерекше сервисті іске қосты. Алдағы жұмадан бастап Kaspi Gold шотын үйден шықпастан Kaspi.kz қосымшасында онлайн ашуға болады.

"Біздің команда рекордтық мерзімде ең заманауи технологияларды қолдана отырып, инновациялық сервисті іске қосты. Енді бөлімшеге барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Kaspi Gold шотын Kaspi.kz қосымшасында үйден шықпастан ашып, әлеуметтік көмекті алу үшін пайдалануға болады", - дейді Каspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе. 

Kaspi.kz көмегімен Kaspi Gold шотын ашып, әлеуметтік көмек үшін нөмір алуға болады. Пластикалық картаны дәл қазір алудың қажеті жоқ. Kaspi.kz қосымшасында картасыз аударым, төлем жасап, сатып алуға және Kaspi банкоматтан комиссиясыз ақша шеше аласыз. Ал дүкендерде сатып алуға мүмкіндік беретін пластикалық картаны төтенше жағдай мен карантин біткен соң алуға болады.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (703)

Тақырып бойынша

Зейнеткерге 42 500 теңге туралы айтуға келген адамды полиция іздеп жатыр
42 500 теңге алмайтындарға бірыңғай жиынтық төлемі қайтарыла ма – министр жауабы
42 500 теңге алуға арналған Telegram-бот іске қосылды - өтініш қалай тапсырылады
Банк кредит төлемей жүргендердің қарызын 42 500 теңгеден ұстап қала ала ма?
Декретте отырғандар қандай жағдайда 42 500 теңге ала алады – министр жауабы
Сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақыны қаншаға өсірді
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, жәрдемақы
Загрузка...

Басты тақырып