Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте вирус жұқтырған 78 науқас тіркелді

© REUTERS / POOLМедицинское оборудование для больных коронавирусом
Медицинское оборудование для больных коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулік бойынша өңірлер арасында ең жоғары өсім Ақмола облысында - 19 науқас, өсім 83 процентке жетті

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша ең үлкен өсім астана мен Алматыда емес, өңірлерде тіркеліп отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша 670 науқас індетке шалдықты. Өткен тәулік бойынша жаңа 78 пациент тіркелді. Өткен тәулік бойынша өсім деңгейі 13 процентті құрайды. 78 науқастың тек екеуі астанада, үшеуі Алматы қаласында тіркелді. Басқа өңірлерде 73 жаңа науқас тіркеліп отыр", - деді Біртанов үкімет отырысында. 

Айтуынша, өткен тәулік бойынша өңірлер арасында ең жоғары өсім Ақмола облысында - 19 науқас, өсім 83 процент. 

Қарағанды облысында 16 жаңа науқас, өсім 50 процент. Үшінші орында Қызылорда облысы, 13 адам, өсім 35 процент.  Жамбыл облысында 12 жаңа науқас, өсім 43 процентті құрап отыр. 

"Жалпы қазір ең үлкен өсім осы өңірлерде", - деді министр. 

Дерттен алты адам қайтыс болды, қырық алты адам емделіп шықты.

Жаңалықтар
0