Қоғам

42 500 теңге алмайтындарға бірыңғай жиынтық төлемі қайтарыла ма – министр жауабы

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл қалаларда бірыңғай жиынтық төлемінің мөлшері – 2 651 теңге, ал қалған елді мекендерде – 1325,5 теңге

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңгеге ілікпеген қазақстандықтарға төлеп қойған бірыңғай жиынтық төлемі қайтарылмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, 16 наурызға дейін бірыңғай жиынтық төлемін төлегендер әлеуметтік жәрдемақыға үміттене алады.

"Төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған, бірыңғай жиынтық төлемін төлегендер өтініш берсе, 42 500 теңгені алады. Бірақ, егер адамның жұмыс істеп, жалақы алып жүргені анықталса, біз оған бірыңғай жиынтық төлемін қайтармаймыз", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Ол бірыңғай жиынтық төлем азаматтың әлеуметтік сақтандыру қорындағы есепшотына түсетінін атап өтті.

Бірыңғай жиынтық төлемі ресми тіркелмей жұмыс істеп жүрген азаматтарға жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: Банк кредит төлемей жүргендердің қарызын 42 500 теңгеден ұстап қала ала ма?

Республикалық және облыстық маңыздағы қалаларда оның мөлшері 1 АЕК-ке тең, яғни биыл – 2 651 теңге, ал қалған елді мекендерде 0,5 АЕК немесе  1325,5 теңге.

Әлеуметтік төлемді кімдер алады:

  • шағын, орта және микро бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жеке практикамен айналысатын адамдар;
  • бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер;
  • міндетті зейнетақы жарнасы аударылған, қызмет көрсеткені үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатындар;
  • карантинге жабылған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ресми тіркелмеген жұмысшылар.
  • жалақысы сақталмаған еңбек демалысына шыққан коммерциялық емес ұйымдардың жұмысшылары;
  • мемлекеттен бір жыл бойы бала күтіміне байланысты жәрдемақы алған, декретте отырған әйелдер (алдын ала бірыңғай жиынтық төлемін төлеуі тиіс).
Жаңалықтар
0