17:08 21 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.68
  • EUR506.01
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
383 0 0

Арнайы жиынға шақырылған әскерилер казармада жатпайды. Күндіз әскери қызметін атқарса, кешке үйіне қайтады

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір - Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнайы жиындарға кімдер шақырылмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, әскери қызметке тіркеуде тұрған және денсаулығы дұрыс азаматтар шақырылады. Алайда, арнайы жиындарға қатыспайтындардың да тізімі бар.

"Заң бойынша арнайы жиындардан азаматтардың бірнеше тобы босатылады. Олар – қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарда істейтіндер, авиация қызметкерлері, егістік жұмыстарына қатысатындар, педагогтар, күндізгі бөлімде оқитындар, әйелдер, 18 жасқа дейін үш және одан көп баласы бар азаматтар, сондай-ақ, тергеуге ілінген адамдар. Сонымен қатар, жергілікті органдардың депутаттары әскерге шақырылмайды", – деді Ермекбаев бүгінгі онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Үш айға дейін созылады - әкімдер әскери міндеттілерді жиындарға шақыруы мүмкін

Министрдің сөзіне қарағанда, арнайы жиындарға шақырылатын азаматтар тұрғылықты жері бойынша жұмыс істейді. Әскери казармада жатпайды. Күндіз әскери қызметін атқарса, кешке қарай үйіне барады.

"Карантин жағдайында әскери міндеттілер шағын топтармен келетін болады. Сөйтіп, медициналық тексерістен өтеді. Ал шақыру бойынша арнайы жиындарға келмеген азаматтар әкімшілік жазаға тартылады", - деп атап көрсетті Ермекбаев.

Тақырып бойынша

Төтенше жағдай кезінде әскерилерге бір еңбекақы мөлшерінде сыйақы төленеді
Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды
Нұр-Сұлтан карантинде: әскерилер қалаға кіретін жолдарды жауып жатыр – видео
Әскерилер коронавирус індетімен күресуге қауқарлы ма?
Кілт сөздер:
Нұрлан Ермекбаев, қорғаныс министрі
Загрузка...

Басты тақырып